News & Events
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ "ЗАҒИП ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАПХАНА" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ > Жаңалықтар > Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Сөз маржаны Абайдан» атты рухани марафон өтті
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Сөз маржаны Абайдан» атты рухани марафон өтті
- 05.08.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Комментариев нет
СӨЗ МАРЖАНЫ – АБАЙДАН
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Сөз маржаны Абайдан» атты рухани марафон өтті.
Іс-шараның мақсаты – Абайдың рухани мұрасын, ұлттық құндылықтарын және ақынның өткен мен бүгінді сабақтастыратын шығармашылық әлемін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау.
Шара барысында қатысушылар Абай өлеңдерін оқу, әндерін орындау, қара сөздерін мәнерлеп оқу және авторлық орындау атты төрт аталым бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылардың өнеріне Әлем Халықтары Жазушылары одағының төрағасы мен мүшелері әділ бағаларын берді.
Шараға 55 адам қатысты.





































