Оңалту кабинеті
Оңалту кабинетінің жұмысы
Оңалту кабинеті «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-нің кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің ішінде жұмыс атқарады.
Оңалту кабинеті 2004 жылы ашылған.
Оның негізгі қызметі зағип жандарды қарапайым әлеуметтік жағынан оңалтуға бағытталған. Оған: жүре көз жанарынан айырылған зағиптарға Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйрету, көз ақауы бар және жүре көз жанарынан айырылған зағип балалардың саусақ ұшы сипап-сезу қабілеттерін дамыту, жұмыс істеу жасындағы жастар мен мүгедектерді кеңістікті бағдарлауға бейімдеу, барлық санаттағы мүгедектермен жұмыс істеуге жаңа технологияларды енгізу, оңалту техникалық құралдары жайында ақпарат бере отырып зағип балалары бар ата-аналармен жұмыс, зағип жандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасау үшінөзі-өзіне қызмет ету әдістері мен техникасын қабылдауға, әлеуметтік қарым-қатынас жасауға, әлеуметтік тәуелсіздікке оқыту, бос уақытын тиімді пайдалану жатады. Барлық жұмыстар тегін жүргізіледі.
Оңалту кабинеті мынадай тифлотехникалық құралдармен жабдықталған: кеңсе және сырт жерлерде бағыт алуға арналған түрлі таяқтар, түрлі еселік лупалар, жалпақ жазба және Брайль жүйесі бойынша жазба құралдары, грифельдер, «Пихта» Брайль жүйесі бойынша жазба машинкасы, бедерлі-графикалық құралдар, саусақ ұшы моторикаларын және сипап-сезу қабілетін дамыту құрылғылары, сөйлейтін сағат, калькулятор және тонометр, тифложиынтықтар, сенсорлық балалар жолдары, оқитын «Сара» машинкасы, тактильді кітаптар, және басқа да оқулықтар мен көмекші құралдар, заманауи инновациялық техникалар.
Кабинет сондай-ақ, басқада санаттағы мүгедектермен жұмыс жасайды.