News & Events
«Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында Алматыдағы FasTracKids халықаралық балалар академиясында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тифлотүсініктемемен бар анимациялық фильмдер көрсетілді
- 31.07.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Аю мен қояндар», «Волк и семеро козлят» атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі
2026 жылғы 30 шілдеде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі» «Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында Алматы қаласындағы FasTracKids Халықаралық балалар академиясында мектеп жасына дейінгі балаларға мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қазақ халық ертегісі желісі бойынша түсірілген «Аю мен қояндар» және «Союзмультфильм» киностудиясы шығарған «Волк и семеро козлят» мультфильмдері тифлотүсініктемемен ұсынылды.
Жобаның негізгі мақсаты: бүлдіршіндердің мультфильм әлеміне деген қызығушылығын арттыру, инклюзивті мәдени ортаны қалыптастыру, көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және олардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру.
Іс-шараға 16 адам қатысты.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы









