News & Events
«Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында жазғы демалыс кезінде балаларға арналған мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын ұйымдастырды
- 23.07.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Аю мен қояндар», «Волк и семеро козлят» атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі
2026 жылдың 23 шілдесінде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында жазғы демалыс кезінде балаларға арналған мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапхананың жас оқырмандарына қазақ халық ертегісі желісімен түсірілген «Аю мен қояндар» және «Союзмультфильм» киностудиясының «Волк и семеро козлят» атты мультфильмдері тифлотүсініктемемен ұсынылды. Тифлотүсініктеме көру қабілеті бұзылған балалардың мультфильм мазмұнын толық қабылдауына мүмкіндік беріп, олардың көркем туындыларды тануына және эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал етті.
Жобаның негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің мультфильм әлеміне деген қызығушылығын арттыру, инклюзивті мәдени ортаны дамыту, көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және олардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру.
Көрсетілімге кітапхананың жас оқырмандары ата-аналарымен бірге қатысып, мультфильмдерді ерекше қызығушылықпен тамашалады. Іс-шара барысында балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, алған әсерлерімен бөлісті.
Шараға танымал қазақстандық қоғам қайраткері, спортшы және мотивациялық спикер Данияр Базарбеков демеушілік көрсетіп, балаларға тәтті сыйлықтар таратты. Бұл игі бастама қатысушыларға қуаныш сыйлап, іс-шараның тәрбиелік және әлеуметтік маңызын арттыра түсті.
Мультфильм көрсетіліміне 21 оқырман қатысты.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы









