News & Events
Алматы қалалық Білім басқармасына қарасты «Көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 124 арнайы мектепке дейінгі ұйым» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балаларға арналған тифлокомментарийі бар анимациялық фильмдерді көрсету іс-шарасы
- 16.07.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Аю мен қояндар», «Волк и семеро козлят» атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі
2026 жылғы 16 шілдеде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі» «Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасының «№124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балаларға арналған мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қазақ халық ертегісі желісі бойынша түсірілген «Аю мен қояндар» және «Союзмультфильм» киностудиясы шығарған «Волк и семеро козлят» мультфильмдері тифлотүсініктемемен ұсынылды.
Жобаның негізгі мақсаты: бүлдіршіндердің мультфильм әлеміне деген қызығушылығын арттыру, инклюзивті мәдени ортаны қалыптастыру, көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және олардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру.
Тифлотүсініктемемен көрсетілген мультфильмдер көру қабілеті бұзылған балалардың экрандағы оқиғаларды толыққанды қабылдауына, кейіпкерлердің әрекеттері мен оқиға желісін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Іс-шараға 29 бүлдіршін, 3 балабақша қызметкері және 2 кітапхана қызметкері қатысты, барлығы 34 адам.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы



















