News & Events
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№13 арнайы бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балаларға арналған мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын өткізді
- 09.07.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Аю мен қояндар», «Волк и семеро козлят» атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі
2026 жылғы 9 шілдеде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі» «Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№13 арнайы бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балаларға арналған мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қазақ халық ертегісі желісі бойынша түсірілген «Аю мен қояндар» және «Союзмультфильм» киностудиясы шығарған «Волк и семеро козлят» мультфильмдері тифлотүсініктемемен ұсынылды.
Жобаның негізгі мақсаты: бүлдіршіндердің мультфильм әлеміне деген қызығушылығын арттыру, инклюзивті мәдени ортаны қалыптастыру, көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және олардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру.
Көрсетілім аяқталғаннан кейін балалармен ертегілердің мазмұны бойынша танымдық әңгіме жүргізіліп, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен шығармалардың тәрбиелік мәні талқыланды. Тәрбиеленушілер мультфильмдерді зор қызығушылықпен тамашалады.
Тифлотүсініктемемен көрсетілген мультфильмдер көру қабілеті бұзылған балалардың экрандағы оқиғаларды толыққанды қабылдауына, кейіпкерлердің әрекеттері мен оқиға желісін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Іс-шараға 31 бүлдіршін, 5 балабақша қызметкері және 2 кітапхана қызметкері қатысты, барлығы 38 адам.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы









