Қаламгерлік ғұмырдың биік белесі
2026 жылдың 5 маусым күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналғанкітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі ақын, журналист, аудармашы Есләм Зікібаевтың туғанына 90 жыл толуына орай шығармашылық кеш өткізді.
Мақсаты: Оқырмандарға қаламгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Ақынның поэзиядағы орны мен журналистикадағы еңбегін дәріптеп, жас ұрпақты туған елді, әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ақын Есләм Зікібаевтың жары Рауза Бәкірқызының «Абай» телеарнасына берген сұхбатының бейнежазбасы көрсетіліп, ақынның өлеңдері оқылды.
Шараға 32 адам қатысты






