Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана Алматы қаласының авторларының жаңа әдебиеттерімен толықтырылды. Жаңа басылымдар оқырмандардың рухани және зияткерлік дамуына серпін беріп, отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Кітапхана ұжымы көрсетілген қолдау мен әдеби мұрамен бөліскен авторларға шынайы алғысын білдіреді. Бұл игі іс кітап қорын байытып қана қоймай, оқырмандарға сапалы және қолжетімді ақпарат ұсынуға зор мүмкіндік береді.






