News & Events
Заманауи авангард ақындардың кітаптарының тұсаукесері
- 15.05.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
UGAR.kz сериясы аясында бұрын жарық көрген «Заманауи авангард ақындардың кітаптарының тұсаукесері» өтті.
15–23 мамыр аралығында Алматы қаласында UGARfest поэзия әдеби фестивалі өтуде. Бұл шараны алғашқылардың бірі болып бастау құрметі Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға бұйырды.
«Заманауи авангард ақындардың кітаптарының тұсаукесері» атты шарада алматылық ақындар Алексей Швабауэр, Селина Тайсенгирова, Орал Арукенова, Ксения Рогожникова, Михаил Земсков, Ольга Передеро, Рамиль Ниязов өнер көрсетті.
Өткізілген іс-шараның естелігі ретінде экологиялық акция ұйымдастырылып, кітапхана ауласына ағаш көшеттері отырғызылды.
Іс-шара Халықаралық отбасы күніне, Халықаралық бірге өмір сүру күніне, сондай-ақ Өсімдіктер денсаулығын қорғаудың халықаралық күніне орай ұйымдастырылды.
Шараға Алматы автомобиль- жол колледжінің студенттері қатысты.














