News & Events
Қазақтың көрнекті композиторы, дирижері, Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің Халықаралық музейлер күніне арналған мемориалдық мұражайына экскурсия
- 14.05.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейіне экскурсия
Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің» ұйымдастыруымен 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай кітапхана оқырмандарына қазақтың көрнекті сазгері, дирижер, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейіне экскурсия жасады.
Іс-шара барысында қатысушылар сазгердің өмір жолы мен шығармашылығына қатысты құнды мәліметтермен танысты.
Музей қызметкері келушілерге Нұрғиса Тілендиевтің жеке қолданған заттарын, музыкалық аспаптарын, қолжазбаларын, фотосуреттері мен марапаттарын таныстырып, композитордың қазақ музыка өнеріндегі ерекше орны жайында кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, оның халық жүрегінен орын алған шығармалары мен күйлерінің тарихына тоқталды.
Экскурсия барысында оқырмандар қазақ музыка мәдениетіне қатысты тың ақпарат алып, рухани әсерге бөленді.
Іс-шараның басты мақсаты: оқырман қауымға ұлттық өнерді насихаттау, қазақ музыкасының майталман тұлғаларының мұрасын дәріптеу және мәдени таным көкжиегін кеңейту болды.
Шара соңында қатысушылар музей ұжымына алғыстарын білдіріп, экскурсиядан ерекше әсер алғандарын жеткізді.
Шараға 13 адам қатысты.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы




