News & Events
Қазақ жазушысы, композитор, музыкатанушы, публицист, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановтың 90 жылдығына арналған «Әнім саған, туған ел!» атты ең танымал әндерінің дайджестін оқырман назарына онлайн ұсынды
- 12.05.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Әнім саған, туған ел!
Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қазақ жазушысы, композитор, музыкатанушы, публицист, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановтың 90 жылдығына арналған «Әнім саған, туған ел!» атты ең танымал әндерінің дайджестін оқырман назарына онлайн ұсынды.
Іс-шараның мақсаты: Илья Жақанов шығармалары арқылы ұлттық болмысты, туған жерге, ана тіліне деген сүйіспеншілікті дәріптеу; композитордың ел жадында сақталған әндерінің мазмұны мен көркемдік құндылығын ашу.
Кеш барысында Илья Жақановтың қазақ музыка мәдениетіндегі орны туралы мәлімет беріліп, оның кеңінен танымал әндерінің шығу тарихы айтылды. Сонымен қатар сазгердің шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, әндері тыңдалды. Әлеуметтік желі қолданушылары «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық», «Әселім» секілді халық жүрегінен орын алған туындылар көрсетілді.
Іс-шарада кітапхана қорынан сазгердің шығармалары мен ол туралы әдебиеттер таныстырылды. Қалың оқырман өнер иесінің шығармашылық мұрасы туралы мағлұмат алып, әсерлі кештен рухани азық алды.
Гүлназ Даржанова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің басшысы