News & Events
Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты әдеби-патриоттық кеш
- 06.05.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс
Ағымдағы жылдың мамыр айының алтыншы жұлдызында Н. Островский атындағы Қазақ соқырлар қоғамының мәдениет үйінде Жеңіс күнін мерекелеуге арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты әдеби-патриоттық кеш өтті.
Ұйымдастырушылар: «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалы, «Жылы ұя» республикалық оңалту орталығы.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік көрсеткен батырлардың ерлігін ұлықтау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи жадыны сақтау.
Шара барысында оқырмандарға Ұлы Отан соғысына қатысып, жараланып, кейін зағип болса да өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, қоғамдық жұмыстарға, соның ішінде Қазақ соқырлар қоғамының құрылуына және дамуына үлкен үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы таныстырылды. Қазақ Соқырлар қоғамы Орталық басқармасының төрағасы Өтегенов Сакен Хайдарұлы, Алиев Тажиддин Әліұлы, Бреусов Федор Тимофеевич, Рева Алексей Яковлевич, Лысенко Михаил Петрович, Скляров Александр Дмитриевич, Малышев Дмитрий Михайлович, Исмайлов Мухамеджан, Лобанова Мария Павловна, Болдышев Василий Хрисанфович.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ұйымдастырылған ерекше кеште «Жылы ұя» оңалту орталығының ардагерлерінен құралған «Соловьи Алатау» хоры, «Қаламқас» вокалды тобы және жеке дауыстағы өнерпаздар патриоттық өлеңдер оқып, әндер шырқады. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалы төрайымы Ибрагимова Алтынай Қоңыратбайқызы сөз сөйлеп, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге шақырды.
Іс-шараға 61 адам қатысты
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы



















