Бірлік пен бекем ел
2026 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлік пен бекем ел» тақырыбында мерекелік концерт өтті.
Ұйымдастырушылар:
— «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ;
— Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалы ,
— «Жылы ұя» республикалық оңалту орталығы.
Мақсаты:
Қазақстан халықтарының мәдениетіне құрметпен қарап, патриоттық сезімдерін дамыту. Достыққа, толеранттылыққа тәрбиелеу.
Шара аясында кітапхана қызметкерлерінің және Қазақ зағиптар қоғамының көркемөнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Шараға 63 адам қатысты.






