News & Events
Ермек Серкебаев – қазақ операсының құлагері
- 17.04.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ермек Серкебаев – қазақ операсының құлагері
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ермек Серкебаев – қазақ операсының құлагері» атты бейнедәрісті оқырман назарына онлайн ұсынды.
Іс-шараның мақсаты: қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың өмірі мен шығармашылық жолын, ұлттық және әлемдік музыка өнеріндегі орнын кеңінен таныстыру, оның бай вокалдық мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Бейнедәріс барысында Ермек Серкебаевтың өмірбаяны мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды. Әншінің қазақ опера өнеріндегі орны, орындаушылық шеберлігі, сахнадағы жарқын бейнелері туралы мазмұнды мағлұмат жасалды. Кітапхананың «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі» қорындағы күйтабақтан Ермек Бекмұхамедұлының орындауында Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні тыңдатылды.
Осындай тағылымды кештер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы