News & Events
Қажымұқан – әлем таныған тұлға
Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Қажымұқан – әлем таныған тұлға» атты аты аңызға айналған Қазақтың палуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына орай портрет кешін өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен ерлікке толы жолын, спорттағы теңдессіз жетістіктерін кеңінен насихаттау, оның ел тарихындағы айрықша орнын жас ұрпақ санасына сіңіру.
Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші, Райымбек ауданының құрметті азаматы, Кеңес одағындағы классикалық күрестен спорт шебері (грек-рим) Телахынов Еркін Біләлұлы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінің директоры Қайшыбек Еркін Базарғалиұлы қатысып, қазіргі таңдағы жас буынды спортқа баулу жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара бағдарламасына мыналар кірді:
Бейнебаян көрсетілімі;
балуанның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі;














Қонақтардың сөз сөйлеуі және оқырман сұрағына жауап беруі.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің» студенттері, Қазақ спорт және туризм академиясының «Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультетінің» студенттері көрермен ретінде қатысты, барлығы 49 адам.
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің басшысы