News & Events
«Наурыз мейрамы» көктем мерекесіне арналған «Наурыз шуағы» әдеби-сазды кеші
- 20.03.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Наурыз шуағы
Көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай « Наурыз шуағы» атты мерекелік кеш өткізді.
Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрленіп келеді.
Іс-шараның мақсаты: Табиғаттың жаңаруын дәріптеу – көктемнің келуімен жаңа өмірдің басталуын атап өту;
Бірлік пен ынтымақты күшейту – адамдарды жақындастырып, татулыққа шақыру.
Кеш барысында кітапхана директоры Байұзаков А.Қ. жиналған барша қауымды наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Іс-шараға «Жамбыл аудандық мәдениет үйі», «Қаскелең мәдениет колледжі» және Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің өнерпаздары қатысты.
Оқырмандар шара соңында Наурыз мейрамына орай дайындалған «Наурыз-көже» мен бауырсақтан дәм татты, барлығы 91 адам.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімің басшысы








