News & Events
ТОО орталығы SATR заманауи тифлотехникалық оңалту жабдықтарының тұсаукесері мен көрсетілімін өткізді
- 17.03.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
ТИФЛОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ
Мамандар мен оқырмандарды заманауи технологиялық шешімдермен таныстыру мақсатында 17 наурыз күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханасында «ӘБЕО орталығы» ЖШС («Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығы») заманауи тифлотехникалық оңалту құралдарының тұсау кесері мен көрсетілімін өткізді.
Іс-шара аясында келесі құралдар таныстырылып: «Elf-20» Брайль дисплейі, «ElVI-20» стационарлық үлкейткіші, «Monarh» көпжолды тактильді Брайль дисплейі, «ElBraille» портативті тифлокомпьютері, жасанды интеллект функциялары бар «HarkAI» оқитын құрылғысы, сондай-ақ басқа да тифлотехникалық құралдар көрсетілді.
Іс-шараға Алматы қаласындағы ЖОО мен колледждердің қызметкерлері, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің (арнайы педагогика факультетінің) студенттері — болашақ тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар шақырылды.
Аталған іс-шараны өткізу кітапхана жүйесінің мамандарына заманауи техникалық құралдармен танысуға, олардың практикалық маңызын бағалауға және оқырмандармен жұмыс барысында оларды одан әрі қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік береді.








