News & Events
Қазақ халқының салт-дәстүріне арналған анимациялық бейнеролик
- 16.03.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы 2026 жылдың 16 наурызында қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған анимациялық роликті кітапхананың әлеуметтік желідегі ресми парақшалары мен сайтына жүктеді. Аталған роликте қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні кеңінен көрсетілді.
Шараның мақсаты – оқырмандарға қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің маңыздылығын, оның қоғамдағы және адам арасындағы қарым-қатынастағы ерекше рөлін түсіндіру, ұлттық мәдениетті құрметтеуге шақыру және жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың да ұлттық мұрамен танысуына мүмкіндік беріп, олардың мәдени өмірге белсенді араласуына жағдай жасауға бағытталған.
Осындай ақпараттық-ағартушылық жұмыстар арқылы кітапхана ұлттық мәдени мұраны дәріптеп, оқырмандардың рухани дүниесін байытуға және елжанды, ұлтжанды азамат тәрбиелеуге үлес қосуды мақсат етеді.