News & Events
Мүгедектер үшін кедергісіз орта құру, олардың ақпараттың толықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету» атты республикалық мерейтойлық онлайн конференция өтті
- 18.02.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азамтарға арналған республикалық кітапханада «55 жылдық қызмет: мүгедектер үшін кедергісіз орта құру, олардың ақпараттың толықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету» атты республикалық мерейтойлық онлайн конференция өтті.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мұрағаттар, құжаттама және кітаптар комитетінің басшылары құттықтау сөздерін айтты:
- Нурғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы – ҚР Ұлттық кітапхана директоры, «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы;
- Ұлттық академиялық кітапхана қызметкері;
Бейнеқұттықтаумен шыққан:
- Сейтжан Кенжегұл Социалұлы – ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл, VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Қазақстанның арнайы кітапханаларының, арнайы мектеп-интернаттардың қызметкерлері.
Москва, Краснодар, Новосибирск, Казань қалаларындағы арнайы кітапханалардың басшылары, сондай-ақ Қазақстандағы арнайы кітапханалардың қызметкерлері баяндамалар жасап, құттықтауларын білдірді.
Кітапхана ардагерлерін құрметтеу барлығы үшін жағымды тосынсый болды – олар лайықты түрде «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапатталды.
Мерейтойлық конференция кітапхана жұмысын қорытындылау және мүгедек жандарға қызмет көрсетіп көптеген жылдар бойы жемісті еңбек еткендерге шынайы алғыс білдіру үшін маңызды алаңға айналды.
























