News & Events
Мұқағали Мақатаевтың 95 жасқа толуына орай «Поэзия падишасы – Мұқағали» атты поэзия кеші өтті
- 14.02.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Поэзия падишасы – Мұқағали
2026 жылдың 13 ақпан күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 95 жасқа толуына орай «Поэзия падишасы – Мұқағали» атты поэзия кеші өтті.
Шараның мақсаты: жазушының өмірі және шығармашылығымен оқырмандарды таныстыру. Ақындық талантын насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілікті арттыру.
Шара барысында Мұқағали Мақатаев шығармалары жайында мағлұмат беріліп, ақынның өз даусын бейнеролик арқылы көрсетіп, кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген бейнебаян ұсынылды. Сонымен қатар, №4 мектеп-интернатының оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.
Шараға кітапхананың «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының, «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің «Армандастар» вокалды аспаптар ансамблінің мүшелері атсалысты.
Жалпы саны 60 адам қатысты.






