News & Events
«Саналы ғұмыр – сарқылмас мұра» тақырыбында жазушы, драматург, публицист, қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай шығармашылық альманах өтті
- 19.01.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Саналы ғұмыр – сарқылмас мұра
2026 жылдың 16 қарашасы күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында «Саналы ғұмыр – сарқылмас мұра» тақырыбында жазушы, драматург, публицист, қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына орай шығармашылық альманах өтті.
Шараның мақсаты: жазушының өмірі және шығармашылығымен оқырмандарды таныстыру.
Шара барысында Медеу Сәрсекенің шығармалары жайында мағлұмат беріліп, «Көрінбестің көлеңкесі» аңызы, «Семей қасіреті» атты шығармалары бейнеролик арқылы экраннан көрсетілді. Сонымен қатар, шығармашылығының 40 жылын арнаған, әрі қаламгерді күллі Одаққа танымал еткен Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ғұмырнамасы жайында жарық көрген кітаптары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Шараға кітапхананың «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының, «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің мүшелері, жалпы саны 20 адам қатысты.




