News & Events
Әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Кенжеқызы Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Бабадан аманат» атты бейне шолуды оқырман назарына онлайн ұсынды
- 15.01.2026
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Бабадан аманат
Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Кенжеқызы Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Бабадан аманат» атты бейне шолуды оқырман назарына онлайн ұсынды.
Іс-шараның мақсаты: қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық күй өнеріне деген қызығушылықты арттыру, жас ұрпақты рухани-мәдени құндылықтарға баулу.
Бейне шолу барысында Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы қысқаша мағлұмат берілді. Ақпаратта күйшінің балалық шағы, Құрманғазымен кездесуі, өнердегі жолы, қазақ күй өнеріндегі орны туралы деректер көрсетілді.
Бейне шолуда Дина Нұрпейісованың атақты күйі – «Әсем қоңырды» «Алатау» дәстүрлі өнер театрына қарасты зағип жандардан құралған «Атамұра» ансамблі орындады. Көркемдік жетекшісі: Қожахметов Мирас Мұратұлы.
Сонымен қатар, күй анасы Дина Нұрпейісованың «Қосалқа», «Шалқыма» күйлері күйтабақта тыңдалып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде күйшінің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, электронды ресурстар, ноталық жинақтар мен мерзімді басылым материалдары ұсынылды.
Ұсынылған ақпараттан кітапхана пайдаланушылары Дина Нұрпейісованың күй өнеріндегі орны туралы мол мағлұмат алып, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы