News & Events
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» ақпараттық сағаты
- 20.02.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» ақпараттық сағаты
2025 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мұрағат, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ (ары қарай – Кітапхана) барлық қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» атты ақпараттық сағаты дәріс өтті.
Дәрісті Кітапхана заңгері Бақытбек Әлішов өткізді. Өз сөзінде дәріскер мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нормативтік-құқықтық базасы, оның кезең-кезеңімен қалыптасуы мен іске асырылуы, сондай-ақ осы жағымсыз құбылыстың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысқа тартылған органдар жүйесі туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлық көріністері әкелетін салдарға жеке тоқталды. Сондай-ақ, егер адам заңсыз әрекеттердің куәгері және қатысушысы болса, немесе оны қорқытып пара алса немесе оған пара ұсынса, өзін қалай ұстау керектігі туралы ұсыныстар берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық сөзінің нені білдіретінін, оның мәні, мазмұны мен көрінісі неде екенін, онымен қалай күресу керектігін және оған қалай қарсы тұру керектігін білді. Іс-шарада қатысушылар сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтарға жауап беріп, «пара дегеніміз не?» және «параның сыйлықтан айырмашылығы неде?» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы басқа да мәселелер жайында білді.
Бұдан басқа, Кітапхана директоры Асхат Байұзақов қатысушыларды сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға, дамуына жол бермеуге, біздің мемлекетіміздің болашағы туралы ойлауға шақырды, мемлекетіміздің дамуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жалпы күш-жігерге байланысты екенін атап өтті.


