News & Events
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік!» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті.
Еліміз үшін елеулі, мемлекетіміз үшін айшықты, қасиетті күндердің бірі де, бірегейі – 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке осыдан отыз төрт жыл бұрын 1991 жылы қол жеткіздік.
Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу; Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру.
Кешіміздің шымылдығы қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күймен ашылды. Алматы қаласы білім басқармасының №4 арнайы мектеп-интернаты оқушыларынан құралған «Наркескен» ансамблі Нұрғиса Тілендиевтің «Жекпе жек», «Әлқиса» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындады. Көркемдік жетекшісі: Ахметов Қажымұқан Сүттібайұлы. Сондай-ақ «Қаламқас» вокалды тобының мүшелері «Казақстан бақытты», «С чего начинается Родина», «Родина моя Казахстан», көркемдік жетекшісі: Зражевский Фёдор Фёдорович, мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының әншісі Қуанышқалиев Асылбек «Отаным, рақмет мың» өлеңі, «Қазақстаным» әні, кітапхана қызметкері Рудаков Владислав «Отан Ана» әндерін орындап, кештің әсерлі, рухты өтуіне өз үлестерін қосты.












Іс-шараға Еуразия технологиялық колледжінің студенттері қатысты, барлығы 74 адам.
Гүлназ Даржанова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің басшысы