News & Events
2025 жылғы 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
- 10.12.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
2025 жылғы 09 Желтоқсанда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада (бұдан әрі – кітапхана) Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған семинар өтті.
Заңгер Б.Ж. Әлішов Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні болып жарияланғанын айтты.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық-бұл белгілі бір дәрежеде барлық елдерге әсер ететін күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс екенін түсіндірді. Ол экономикалық дамуды баяулатады және демократиялық институттарды, үкіметтің негізін бұзады.
Әлемдік қоғамдастық қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді саясат жүргізуде.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2003 жылғы 31 қазандағы № 58/4 қарарымен БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданды, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кінәлілерді жазалау жөніндегі шаралар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық тетіктері көзделген.
Іс – шара барысында кітапхана директоры А.Қ. Байұзаков кітапхана қабырғасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қандай іс-шаралар өткізіліп жатқанын айтып берді, сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны еңсеру еліміздің негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі екендігіне ерекше назар аударды.
Бұл міндетті шешу табысты әлеуметтік-экономикалық дамуға, мемлекет пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Шара барысында Кітапхана директоры Асхат Құсайынұлы сыбайлас жемқорлықтың зиянды жақтарын атап көрсетіп, ондай көріністер Кітапханада орын алмауы керектігін қатаң ескетті.
Сыбайлас жемқорлықтың келеңсіз көріністері жайында бейнероликтер көрсетілді.



