News & Events
Кәсіби біліктілікті жетілдіру сабағы
- 04.12.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 28 қараша күні «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері Торгын Муханова кәсіби біліктілікті жетілдіру сабағында «Кітап және кітапхана» журналының 2025 жылғы 3 нөмірінде жарияланған Б. Бектұрғанованың «IFLA-2025 әлемдік тәжірибе жас маман көзімен» және А. Ердәулетованың «ӘОЖ: Ғылым мен ақпарат әлеміндегі тәртіп және Library Hotel» мақалаларына, «Кітап патшалығы» журналының 2025 жылғы 3 нөмірінде жарияланған А. Нурпеисованың «IFLA WLIC 2025 Астана: Менің волонтерлік тәжірибем» мақаласына және В. Степановтың «Цифрлы байланыс дәуіріндегі кітапханашының атқаратын қызметтері мен құзыреттері» тақырыбындағы мақаласына, сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінің 2025 жылғы 216 нөмірінде жарияланған А. Жүнісханның «ЖИ туралы заң нені көздейді» және 2025 жылғы 217 нөмірінде жарияланған А. Есалидің «Анықталуы ұзақ, асқынуы тез дерт» тақырыптарындағы мақалаларына шолу жасады.