News & Events
Ағымдағы жылдың 27 қараша күні, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Қазақ жырының тұңғиығы» атты Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай әсерлі поэзия кеші өтті.
Кештің мақсаты: Ақынның өшпес туындыларын жас буынның жүрегіне жеткізу.
Іс шараға кітапхана оқырмандары және мектеп оқушылары қатысып, Жұмекен әлемінің тереңіне бойлады. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының өнерпазы Қуанышқалиев Асылбек «Жан-жарым, түбінде сол көк теректің», кітапхана оқырманы Наталья Гизатулина ақын Геннадий Фролов аударған «Тишина», кітапхана қызметкері Муханова Торғын «Алматы», «Шіркін сөз-ай, құдіретті ең сен неткен», жас өнерпаздар Рысбай Даниял «Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ…», Рысбай Әмірсұлтан ақын Александр Юдахин аударған «Гость» өлеңін, Кенесары Иманғали «Менің елім» шығармаларымен ақын жырының қуатын, қоңыр болмысын, күрделі тағдырын кеңінен аша түсті.
Кешке қатысушылар Жұмекен поэзиясының өзегін құрайтын ар, сөз ел, тіл секілді ұлы ұғымдарды жаңаша түсініп, философиясын сезінді. Әр өлең ақынның ішкі әлеміне жақындатқандай әсер қалдырды. Ақынның балалық шағы, тар заманның салмағы, домбыра мен далаға деген сағынышы туралы бейнебаян көрсетілді.Б Жалпы Жұмекен Нәжімеденовты ақын ретінде ғана емес, жақсы күйші қырының болғанын, көптеген концерттерге фестивалдарға қатысқанын қабілет, талант аямай берілген жан екенін, қазақ радиосының алтын қорында өзінің тартқан күйлері сақталғаны туралы ақпаратпен танысты.
Жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай тереңнен нәр, биіктен нұр енген жыр бәйтерегі ешқашан солмақшы емес.








Іс-шараға 33 оқырман қатысты.
Жас оқыІс шараға рухани кеш ақынның өрасын жас бунНазым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері