News & Events
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» кітабының тұсаукесері және мұрагерлермен кездесу
- 01.12.2025
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» кітабының тұсаукесері және мұрагерлермен кездесу
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында Халық ақыны, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, жыршы-композитор, халқымыздың мәдениеті мен руханиятына зор үлес қосқан дара тұлға Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай нүктелі-бедерлі қаріпте шығарылған және МР-3 форматында дайындалған Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» кітабының тұсаукесері және мұрагерлермен кездесуі өтті.
Кеш қонақтары — Иса Байзақовтың немерелері: Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Құралай Ертісқызы және филология маманы, зейнеткер Қырмызы Ертісқызы болды.
Оқырмандардардың назарына Иса Байзақов туралы, оның шығармашылығы жайында, еңбектері туралы қысқаша бейне және слайд дайындалып, «Дауылды жырлың дүлдүлі – Иса ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Иса Байзақов – елдің мақтанышы, ол сияқты адамдар жүз жылда бір рет дүниеге келеді. Қазақ ұлттық мәдениетінің, бүкіл музыка өнерінің, сондай-ақ әдебиет пен театрдың қайта жандануына, танымал болуына және дамуына қосқан үлесі баға жетпес.
40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған. Иса Байзақов – өз дәуірінің дарабозы. Оның қайталанбас өнері, биік шеберлігі мен өр мінезі халық жүрегінен ойып тұрып орын алып, мәңгілік сақталады. Оның еңбегін ұрпақ ұлықтап, жалғап отырса, ұлт рухы ешқашан сөнбиді.







