News & Events
2025 жылдың 14 қарашасы күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында Алаш қайраткері, ақын, Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Көркемсөздің хас шебері» атты поэзия кеші өтті.
Кештің мақсаты: Алаш зиялысы – Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығымен оқырмандарды, студенттер қауымын таныстыру. Оның романы мен рухты өлеңдерін көрермендердің санасына сіңіру.
Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары және Еуразиялық технологиялық университетінің оқытушылары, студенттері қатысты.
Кеш барысында Міржақып Дулатов шығармаларындағы өзекті тақырыптар: ел тағдыры, бұлыңғыр болашақ, әйел теңсіздігі, саяси жүйемен әділетсіздікті ашық көрсеткен «Бақытсыз Жамал» романы кеңінен айтылып, «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясынан үзінді көрсетілді.
Кітапхананың белсенді оқырманы, зағип ақын Владимир Ивановский «Сколько вас было?» атты өлеңін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, «Незабудка» әдеби бірлестік мүшелері мен кітапхана қызметкерлерінің орындауында ақынның өлеңдері оқылды.







Шараға 75 адам қатысты.