Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында 2025 жылдың 19 қарашасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында театрландырылған қойылым өтті.
Шара мақсаты – халықты кітап оқуға баулу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және сол арқылы кейінгі ұрпақты ұлттың рухани азығымен сусындату.
Шара барысында таңдалған қазақ әдебиетінің қос классигі Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларымен оқырмандарды таныстырып, Алматы қаласы Білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернатының оқушыларының қатысуымен Тәкен Әлімқұловтың «Көкпар» атты әңгімесі желісі бойынша театрландырылған қойылым көрсетілді.








Шараға 65 адам қатысты.