News & Events
Сол бір кеш
Ағымдағы жылдың 20 қараша күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Сол бір кеш» атты қазақтың көрнекті композиторы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты: Талантты композитор Әбілахат Еспаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ музыка өнеріне сіңірген еңбектері арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Өткен ғасырдың 50-70 жылдары ұлттық ән өнеріміздің алтын қорына «Әлі есімде», «Ақ сәулем», «Сағыныш екен бала кез», «Ұстазым менің, ұстазым», «Маржан қыз», «Жайық қыз», «Қайдасыңдар, достарым?» атты ғажайып әндерімен қолтаңбасын қалдырған белгілі композитор Әбілахат Еспаевты білмейтін қазақ жоқ шығар. «Сол бір кеш» атты кешіміз сол ұмытылмас тұлғаның шығармашылығына арналды.
Кеш барысында қазақтың ән өнерін байытқан асыл ағаның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян көрсетілді.
Қазақтың ән өнеріне өзіндік үлес қосқан Әбілахат Еспаевтың репертуарынан «Жайық қыз», «Маржан қыз», «Ұстазым менің, ұстазым», «Қайдасыңдар, достарым?» атты әндері шырқалды.
Іс-шараға Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері, мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының өнерпаздары қатысты, барлығы 39 адам.








Гүлназ Даржанова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің басшысы