«Жүрегіммен және жаныммен көру» атты халықаралық бейнекөпірі
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында ұлы француз тифлопедагогі Валентин Гаюидің 280 жылдығына арналған «Жүрегіммен және жаныммен көру» атты халықаралық бейнекөпір Республикалық арнайы кітапхана оқырмандары мен Краснодар арнайы кітапханасының оқырмандары арасында өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан мен Краснодар өлкесінен байланысқа шыққан зағип ақындардың Валентин Гаюиге арналған өлеңдері оқылды.
Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.


