News & Events
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы Тәкен Әлімқұлов шығармашылығына арналған дауыстап оқу сағаты
- 11.11.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы Тәкен Әлімқұлов шығармашылығына арналған дауыстап оқу сағаты
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында проза жанры бойынша әдебиет сыншысы, ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, аудармашы, сыншы Тәкен Әлімқұлов шығармашылығына арналған дауыстап оқу сағаты өтті.
Тәкен Әлімқұлов – қазақ әдебиетінің әуезін, бояуын, терең философиясын шебер жеткізе білген қаламгер. Ол сөзбен күйдің үнін біріктіріп, оқырманның жүрегіне рухани әуен орната білді. Тәкен Әлімқұлов кейіпкерлерінің барлығы – күйдің тілін түсінетін жандар. Сондықтан оның шығармасын күйсіз елестету қиын.
Іс-шараның мақсаты:
Ұлттық әдебиетімізді келешек ұрпаққа насихаттау;
Қазақ әдебиетіндегі орны туралы мағлұмат беру;
Оқырмандарды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара барысында Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қазақ және орыс тілдерінде бейнебаян көрсетілді.
«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапханамыздағы ұйымдастырылған кітап көрмесімен «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің» қызметкері Торғын Аруынқызы таныстырды.
Жазушының «Қараой» шығармасының желісінен түсірілген бейнежазба көрсетіліп, шара қатысушыларына сұрақтар қойылды.
Тәкен Әлімқұлов – қазақ әдебиетінде күйдің сазын, табиғаттың тынысын, адамның жан толғанысын сөзбен өрнектеген ерекше суреткер. Оның мұрасы – қазақ руханиятының алтын арқауы.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты, барлығы 23 адам.
Нұржамал Сарсенова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы





