 
							Ағымдағы жылдың 31 қазан күні «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің» қызметкері Момбекова Назым кәсіби біліктілікті жетілдіру сабағында мүгедектігі бар, өмірден өнер іздеген, 2024 жылы өткен Халықаралық «Екі жұлдыз» ән фестивалінде екі әнімен де оқ бойы озық шығып Гран-При жүлдесін жеңіп алған жас дарын Нұрдана Арғынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырды. Өмірдегі зағип жандар туралы олардың өмірі мен өнері, қол жеткен жетістіктері туралы бейнебаян көрсетілді. 





