News & Events
Кітапханашылар күніне арналған «Кітапханашы болу-бір бақыт» атты әдеби – сазды кеш өтті
- 24.10.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Кітапханашы болу – бір бақыт
24 қазанда кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде Кітапханашылар күніне арналған «Кітапханашы болу-бір бақыт» атты әдеби – сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: білім берудегі, мәдениеттегі және рухани мұраны сақтаудағы кітапханалардың рөліне қоғамның назарын аудару, кітап пен оқуды насихаттау, кітапханалардың қоғамдағы беделін арттыру, кітапханашылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылықты дамыту.
Іс-шараны жүргізушілер ашып, барлық қатысушыларды Республика күнімен және Қазақстан кітапханалары күнімен құттықтап, қазіргі әлемдегі кітапханалардың маңыздылығын атап өтті.
Кітапхана директоры Байузаков Асхат Құсайынұлы Республика күні мерекесі қарсаңына тұспа-тұс келген Кітапханашылардың кәсіби мерекесімен құттықтап, әріптестерімізге Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттарын табыстады.
Кеш «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемілекеттік мекемесінің «Семей қаласының зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған» «Шамшырақ клубы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық каспорны өнерпаздары концертімен жалғасты.
Іс –шараға 65 адам қатысты






