News & Events
Республика күніне арналған «Республика күні: тарих һәм дерек» атты дөңгелек үстел өтті
- 21.10.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Республика күні: тарих һәм дерек
2025 жылдың 21 қазан күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Республика күніне арналған «Республика күні: тарих һәм дерек» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында:
— «Республика күні: тарих жолдары» атты баяндама О.Майбасаров – Қонаев университетінің заң ғылымдарының кандидаты, доцент тарапынан ұсынылды.
— Республика күні мерекесінің хронологиясын «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің» кітапханашысы Н.Сарсенова слайд арқылы таныстырды.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы жайлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің кітапхана меңгерушісі А.Адайхан баяндап өтті.
— «Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен мемлекеттік институттар тиімділігін арттыру маңыздылығы» тақырыбында Г.Даржанова – «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің» басшысы өз көзқарасын білдірді.
- «Елді сүю дегеніміз не?» тақырыбында жастардың ой-пікірін «Кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің» кітапханашысы Ш.Отарбай ортаға салды.
Сонымен қатар, «Күн дидарлы Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жиын соңында оқырмандар, университет қызметкерлері, студенттер және кітапханашылар көтерілген тақырыптар төңірегінде еркін пікір алмасып, ашық сұхбат құрды.
Іс-шараға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты, барлығы 47 адам.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы



