News & Events
Әдебиет әлемінде жаңадан танылып келе жатқан қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Фарабитанушы Қанат Мұратбекұлымен «Қалам, Ой, Рух » атты әдеби шығармашылық кездесу өтті
- 20.10.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Қалам, Ой, Рух
2025 жылдың 20 қазанында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада әдебиет әлемінде жаңадан танылып келе жатқан қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Фарабитанушы
Қанат Мұратбекұлымен «Қалам, Ой, Рух » атты әдеби шығармашылық кездесу өтті.
Шараның мақсаты: жас жазушының шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның әдебиеттегі ой-толғамдары мен рухани ізденістеріне терең бойлау, сондай-ақ жастарды әдебиетке, кітап оқуға баулу. Ұлттық құндылықтар мен көркем сөз өнерін насихаттау.
Әдеби кешке ардагер диктор, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің қайраткері Аманжан Еңсебайұлы. ҚР Жазушылар Одағының хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы, ЮНЕСКО сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Жұмаш Кенебай қатысты.
Кеш барысында жазушы Қанат Мұратбекұлы студенттердің қойған сауалдарына тұшымды жауап беріп, өзінің шығармашылығы туралы кеңінен әңгіме өрбітті, кеш қонақтары Қанаттың шығармашылығына талдау жасап, жас жазушының алдағы шығармашылық жолына табыс тіледі.
Шараға 45 адам қатысты