News & Events
«Қазақ симфониясының негізін қалаушы» атты композитор, Қазақстанның халық артисі Евгений Брусиловскийдің туғанына 120 жыл толуына орай музыкалық шолу өтті
- 10.10.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Қазақ симфониясының негізін қалаушы
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні «Қазақ симфониясының негізін қалаушы» атты композитор, Қазақстанның халық артисі Евгений Брусиловскийдің туғанына 120 жыл толуына орай музыкалық шолу өтті.
Евгений Брусиловский – ұлттық мұраны терең зерттеп, оны әлемдік музыкамен үндестіре білген тұлға. Оның есімі қазақ операсы мен симфониялық музыкасының бастауында тұр. Қазақ халық әндерін жинап, оларды кәсіби деңгейге көтерді.
Іс-шараның мақсаты: Композитор Евгений Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығын таныстыру;
Қазақ музыкасының тарихындағы орны туралы мағлұмат беру;
Оқырмандарды музыканы тыңдауға, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Кеш барысында Евгений Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян көрсетілді.
Евгений Брусиловский тек музыкада емес, әдебиет пен поэзияға да терең мән берген. Абай, Жамбыл сияқты тұлғалардың шығармаларына музыка жазған. Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» әнін Әбді Мирастың орындауында экраннан тамашалады. Музыкасын жазған Евгений Брусиловский.
Кітапхананың «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің» қорында сақталған Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» шығармасын күйтабақта Бибігүл Төлегенованың орындауында тыңдады.
Евгений Брусиловский қазақ халқының рухани сұлулығын, өткені мен бүгінін бейнеледі. Оның шығармашылық дарыны дәстүрлі мәдениет негіздерін терең түсінуінен барып толық ашылды. Ол қазақ музыкасының жүрегіне айналған тұлға. Даңқты композитордың мұрасы – ұлт мәдениетінің алтын қорында. Өз ұлтын шексіз сүйген шынайы өнер иесі еді.
Іс-шараға іс-шараға Принтмедиа технологиялар колледжінің 1 курс
студенттері, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты, барлығы 37 адам.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы