News & Events
В.Коркуновтың «Потерянный и обретенный свет» кітабының тұсаукесері Брайль форматында
- 30.09.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

В.Коркуновтың «Потерянный и обретенный свет» кітабының тұсаукесері Брайль форматында
(саңырау-соқырлардың монологтары)
Халықаралық Меморандум және Халықаралық саңыраулар күні аясында ҚР зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы алғаш рет Брайль қарпімен жазылған саңырау ақындардың шығармаларының тұсаукесерін өткізуде – Владимир Коркуновтың «Потерянный и обретенный свет» кітабын.
Бұл кітапта саңырау және соқыр адамдардың монологтары көрсетілген. Бұл деректі поэзия жанрындағы саңырау-соқырлық феноменін алғаш зерттеуі. Монологтар кітабы орыс, поляк, неміс, ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Владимир Коркунов – ақын, сыншы, филология ғылымдарының кандидаты, POETICA журналының редакторы, Ресейдегі саңырауларға арналған жалғыз журналы «Ваш собеседник» бас редакторының орынбасары. Қазіргі уақытта «Со-единение» (Мәскеу қ.) саңырауларды қолдау қорының қоғаммен байланыс жөніндегі жетекшісі қызметін атқарады.
Шара барысында мұражайдың қолжетімді кеңістігі туралы «Абайлаңыз, түртуге рұқсат етіледі!» деректі фильмі көрсетілді.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс» кафедрасының, Экономикалық-құқықтық және педагогикалық колледжінің, «Принтмедиа» студенттері қатысты.