News & Events
«100 кітап» жобасы аясында «100 кітапты оқып көрейік» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті жазушысы, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақышпен сыр-сұхбат өтті
- 30.09.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында 2025 жылдың 30 қыркүйегінде «100 кітап» жобасы аясында «100 кітапты оқып көрейік» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті жазушысы, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері
Нұрдәулет Ақышпен сыр-сұхбат өтті.
Мақсаты: Ұлттық кітап күнінен бастау алған жоба нәтижесінде үздік деп танылған 100 кітапты оқи отырып, жастардың ұлттық дүниетанымын кеңейту, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шара барысында «100 кітап» жобасы аясында кітапханада брайль қарпінде шығарылған «Ерекше жандарға – ерекше кітап» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесін «Кітап қорын сақтау және абонемент» бөлімінің қызметкері Н. Арынбекова таныстырды.
Жазушы Нұрдәулет Ақышпен Б. Момышұлының «Ұшқан ұя»,
С. Мұқановтың «Өмір мектебі», С. Мұратбековтың «Жабайы алма»,
Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі», М. Әуезовтың «Абай жолы» шығармалары төңірегінде әңгіме өрбітті, оқырмандар жазушыға көкейінде жүрген сауалдарына мазмұнды жауап алды. Кешті Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті, әнші Амалят Ақерке Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтады.
Шараға 45 адам қатысты.