Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының жеке қызмет көрсету бөлімінде 2025 жылдың 28 тамызы күні — Қазақстан Республикасының Ата заңының қабылдануына 30 жыл толуына орай «Ата заң – алтын тұғырымыз» тақырыбында салтанатты кеш өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының негізгі заңы ретінде Конституцияға түсінік беру. Заңды құрметтеуге, мемлекетіміз бен мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара барысында кітапхананың қызметкерлері, белсенді оқырмандары, көркемөнерпаздары мерекеге арналған өлеңдерін оқып, ән – шашуларын тарту етті.
Шараға 30 адам қатысты