Сөзімен сұлу сарай соққан сомдап
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында 2025 жылдың 18 қыркүйегінде «Сөзімен сұлу сарай соққан сомдап» тақырыбында қазақ ақыны, аудармашы, журналист Несіпбек Айтұлын еске алу кеші өтті.
Мақсаты: Несіпбек Айтұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру.
Кеш барысында қатысушыларға Н. Айтұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы деректі фильм көрсетілді. Шарада кітапхана қызметкерлері мен қатысушылар Несіпбек Айтұлының қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орнын, оның аударма саласындағы еңбек үлесін атап өтті. Шара екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.