News & Events
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен спорт ойындарына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті
- 15.08.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен өткен спорт ойындарына арналған дөңгелек үстел отырысының есебі
Ағымдағы жылдың 14 тамыз күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен спорт ойындарына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараның мақсаты: Спортшылар мен оқырмандар арасында тәжірибе алмасу, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірі мен спорттағы жетістіктерін насихаттау, жастардың спортқа деген құлшынысын ояту.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі, «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшесі, қазақстандық қоғам қайраткері, паралимпиадалық спортшы Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы Сагымбаев Найзабек Бекетович, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Полухин Александр Викторович, аға жаттықтырушы – оқытушы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Шпехт Андрей Валерьевич, Алматы қаласы мәслихатының Respublica партиясы атынан VIII шақырылым депутаты, «Республикалық тоғызқұмалақ федерациясы» қауымдастығының президенті Турсунов Аким Хазреталиевич, «Шоудаун федерациясы» республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігі басшысы Кожахметов Марат Саулекалиевич, «Мейірімді ел» мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, спортқа жанашыр жан Курмашева Назира Оналбековна, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы төрағасының мәдениет және спорт бойынша орынбасары Жанысбаев Мадьяр Ермуханбетович, көру қабілеті нашар адамдар арасындағы 5х5 футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, Қазақстан зағиптар футбол федерациясының бас хатшысы Антипин Анатолий Анатольевич, пара пауэрлифтинг спортшылары, Қазақстанның зағип спортшылар одағы, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақпен кәсіби айналысатын зағип спортшылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында Отандық велоспортты қалыптастырып жүрген жандар, пара садақ ату спортының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде келесі негізгі тақырыптар талқыланды
- Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттың қазіргі таңдағы деңгейі, даму жолдары, кемшіліктері;
- Спортшы өміріндегі кітапхананың атқаратын рөлі;
- Мүгедектігі бар адамдар үшін спорт объектілерінің қолжетімділігі;
- Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Паралимпиада кешенін салу, қаржыландыру және осы кешенді іске асыру мерзімдері;
- Мүмкіндігі шектеулі спортшыларды марапаттау және ынталандыру үшін қаражат бөлу.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі, «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшесі, қазақстандық қоғам қайраткері, паралимпиадалық спортшы Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандар шұғылданатын спорт ойындарына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін атап өтті. «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы Сагымбаев Найзабек Бекетович Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Паралимпиада кешенінің құрылысы 2026 жылдың қараша айында қолданысқа берілетіні жөнінде ақпаратпен бөлісті.
Дөңгелек үстел қатысушылары өзекті мәселелерді шешуге тиісінше назар аударылып, мейірімділік пен қамқорлық сезімін көрсету игі дәстүрге айналады деген сеніммен тарқасты.
Іс-шараға 49 оқырман қатысты
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы