News & Events
Ұлы ақын, ойшыл, композитор, философ, ағартушы, жазба әдебиеттің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абай» атты Абай Құнанбаевтың ән мұрасын насихаттау іс-шарасы өтті
- 07.08.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Ұлы халықтың – ұлы Абайы
Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты ұлы ақын, ойшыл, композитор, философ, ағартушы, жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Абай Құнанбаевтың ән мұрасын насихаттау іс-шарасы өтті.
Кештің мақсаты: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, композитор Абай Құнанбайұлының жүрекке терең бойлайтын әндерінің таралуын насихаттау, сақтау, бүгінгі өскелең ұрпақ арасында Абайдың музыкалық мұрасына қызығушылығын арттыру.
Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Абай мұрасын қайта жаңғырту, Абай атамыздың әндерін насихаттауда үлкен еңбек сіңіріп, көзі тірісінде Абайдың әншісі атанған өнерпаздардың бірі Әлмағамбет Қапсәләмұлы туралы мағлұматтар айтылды. Ақынның әндерін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараға мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының өнерпаздары, Қазақ зағиптар қоғамының мүшелері мен кітапхана оқырмандары қатысып, өлеңдері мен әндерін орындады. Ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығының «Еркеле» қоғамдық қорының әншісі Ешнияз Динара, «Көзімнің қарасы» әнін «Өнер бұлағы» қоғамдық қорының басшысы Батима Сағынғалиқызы орындады. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының өнерпаз ақыны Асылбек Қуанышқалиев «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін нақышына келтіре оқып, ақынға арнау арнады. Абай атамыздың «Телқара» күйі мен әндеріне арналған бейнебаян көрсетілді.
Абай Құнанбайұлы бар асыл ойын өз халқына, келер ұрпағына арнады. Ұлы ақынның рухани мұрасы халқының жадында мәңгілікке сақталады.
Іс-шараға барлығы 39 оқырман қатысты.
Назым Момбекова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері
7