2025 жылғы 9 шілде күні «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана» РММ жеке қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері жазғы демалыс аясында балалардың ақыл-ойын дамытатын инклюзивті «MaxKids» орталығына барып «Күн гүлі» атты ертегісін тифлотүсініктемемен көрсетті.
Ал біздің белсенді жас оқырманымыз жас жазушы — Ералы Пазылбек өзінің шығармасы жайлы балаларға әңгімелеп, «Ералының ертегілері» атты авторлық ертегілер жинағын балабақшаға сыйға тартты .
Іс- шараның мақсаты: балалардың көңілін көтеріп, қиялын ұштау, достық пен мейрімділікке тәрбиелеу
Балалардың қуанышты күлкісі мен жарқын өмірі – біз үшін ең үлкен сый!