News & Events
«DISN LAND» балабақшасында «Күн шуақты гүл» және «Түлкі мен қарға» дыбыстық сипаттамасы бар мультфильмдердің көрсетілімі
- 02.07.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

2025 жылғы 2 шілде күні «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана» РММ қызметкерлері «Disney Land» балабақшасында қонақта болып, кішкентай бүлдіршіндерге ерекше сый жасады.
Балаларға «Күн гүлі» атты тифлокомментариймен сүйемелденген мультфильм мен «Түлкі мен қарға» атты ертегі көрсетілді. Көңілді көріністерге толы мультфильмдерден кейін балалар қызықты ойынға қатысты. Ойын барысында сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге тәтті сыйлықтар табысталды .
Ал біздің белсенді жас оқырманымыз жас жазушы — Ералы Пазылбек өзінің шығармасы жайлы балаларға әңгімелеп, «Ералының ертегілері» атты авторлық ертегілер жинағын балабақшаға сыйға тартты .
Іс- шараның мақсаты: балалардың көңілін көтеріп, қиялын ұштау, достық пен мейрімділікке тәрбиелеу
Балалардың қуанышты күлкісі мен жарқын өмірі – біз үшін ең үлкен сый!