News & Events
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Алматы-Новосибирск» халықаралық телекөпірі
- 23.06.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

23 маусымда «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Алматы-Новосибирск» халықаралық телекөпіріне қатысты.
Алматы мен Новосибирск – тылдағы қалалар Алматы мен Новосибирск – тылдағы қалалар. Бұл қалалардың рөлі ерекше болды — олар сенімді тыл және зауыттарды, театрлар мен киностудияларды эвакуациялау орны болды, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен интеллектуалдық саланың орталығы болды.
Тігін, аң терісі фабрикалары, кооперативтер мен өнеркәсіп орындары шинель, гимнастерка, шалбар, іш киім, бас киім тіге бастады. Тері зауыттары қысқа тон мен аяқ киім жасау үшін қой терісін өңдей бастады. Аяқ киім фабрикалары мен шеберханаларда әскер етік, аяқ киім, киіз етік шығарыла бастады. Халық жеке жинақтарын қорға аударды. Майданға аттанған ерлердің орнына станоктарда әйелдер, зейнеткерлер мен жасөспірімдер тұрды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы мен Новосибирск Одақтың түкпір-түкпірінен эвакуацияланған адамдар мен балалардың баспанасына және жүздеген мың жаралы жауынгерлер әкелінген госпитальға айналды. Майданға техника, оқ-дәрі, азық-түлік, киім-кешек үздіксіз жеткізілді. «Батырлар майданда ғана емес, осында, тылда да болды. Жауынгерлерге қолдау көрсету үшін халық тәулік бойы жұмыс істеді.
Кітапхана оқырмандары командалары викторинада осының барлығын айтты (тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар, халықты эвакуациялау, өндіріс, мекемелер, майданға көмек, медицина, мәдениет және т.б. тақырыптар бойынша).
Шара кітапхананың белсенді оқырмандарының қатысуымен музыкалық сәлемдемелер мен әуезді жатқа оқумен безендірілді.
Шараны ұйымдастырған Новосибирск облыстық зағиптар кітапханасына алғысымызды білдіреміз. Белсенді өткізілген 2 сағат тез және байқалмай өтті.
Бұл біртұтас ел болғанын, біртұтас халық болғанын және бұл біздің ортақ соғысымыз және ортақ жеңісіміз болғанын тағы бір рет еске салғымыз келеді.
Жеңіс тек майданда ғана емес, тылда да – фабрикалар мен зауыттарда, егіс алқаптары мен фермаларда – әйелдердің, балалардың, қарттардың қолымен жасалды.