News & Events
Ресей мемлекеттік зағиптарға арналған кітапханасы ұйымдастырған «Брайльдың мерейтойлық жылын аяқтау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына онлайн-түрде қатысты
- 19.03.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Брайльдың мерейтойлық жылын аяқтау
2024 жылдың 19 наурызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана Ресей мемлекеттік зағиптарға арналған кітапханасы ұйымдастырған «Брайльдың мерейтойлық жылын аяқтау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына онлайн-түрде қатысты.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана директоры А.К. Байұзақов «Зағип адамның тұлғалық дамуындағы, әлеуметтенуіндегі, білім алуындағы және кәсіби өзін-өзі танытуындағы Брайль сауаттылығының маңызы» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияда келесі мәселелер талқыланды «Брайль сауаттылығы тұлға дамуының негізі ретінде», «Брайль жүйесі арқылы жазу мен оқуды үйретудің негізі ретінде сөйлеуден тыс дағдыларды қалыптастыру», «Мектеп-интернатта Брайль жүйесін оқытудың әдістемелік әзірлемелері», «Брайль шрифті қазіргі заманғы интерактивті жабдықта» және Брайль жүйесін зерттеу және енгізу туралы басқа да қызықты деректер.