Ел рәміздері — еркіндік нышаны
4 маусымда кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» атты ақпараттық-танымдық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту, оқырмандарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
Кеш жүргізушілері көрермендердің назарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы туралы ақпарат берді.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы бейнеролик көрсетілді. Кітапхананың белсенді оқырмандары концерттік бағдарлама дайындады.
Шараға 35 адам қатысты.