News & Events
«Қазақстан балалары» акциясы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Менің отбасым – мақтанышым» тақырыбында шығармашылық отбасымен кездесу кеші өтті
- 23.05.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Менің отбасым – менің мақтанышым
2025 жылдың 22 мамыр күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде Халықаралық балалар күніне арналған «Қазақстан балалары» атты
топтама шараларға енген «Менің отбасым – менің мақтанышым» тақырыбында шығармашыл отбасымен кездесу кеші өтті.
Шараның мақсаты: жас ұрпақты қазақ әдебиетімен таныстыру, шығармашылық отбасының өнегелі өмірін дәріптеу, жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Кешке ЮНЕСКО сыйлығының иегері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Жұмаш Кенебай, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Күйшілер Одағының Алматы қаласы филиалының төрағасы, ақын, күйші Талап Қараш, зағип ақын Әбетхан Тоқтаған, Қазақстан жазушылар одағының мұшелері, талантты жас ақын қыздар: Гүлманат Әуелхан, Әмина Адайхан, Игісінова Гүлден, Гүлжан Амангелдіқызы қатысты.
Шарада ҚазНұр гуманитарлық колледжінің І курс студенттері шақырылды.
Кездесу барысында оқырмандар еркін форматта автормен әңгімелесіп, оның шығармашылығымен жақын танысты.
Кеш соңында ақын өлеңдер жинағын кітапхана қорына тарту етті.
Шараға 47 адам қатысты.